III Astana Business Campus Нетворкинг Конференциясы

III Astana Business Campus Нетворкинг Конференциясы

2019 жылдың 6 желтоқсанында Назарбаев Университетінде жыл сайынғы III Astana Business Campus нетворкинг конференциясы «Бизнес, ғылым және білім синергиясы» тақырыпта өткізілді. Бұл конференция Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, Назарбаев Қорының төрағасы Аслан Сәрінжіпов, Назарбаев Университеттің Әлеуметтік даму қорының Басқарма төрағасының орынбасары Саят Нүсіпов, Tus-Holdings Co. Ltd. (Қытай) директоры Герберт Чен және басқа да шетелдік және отандық бизнес сектордың өкілдеріның қатысуымен өтті.

Конференция барысында шақырылған спикерлер Astana Business Campus ғылыми паркін құру, тұрақтану және дамыту, университеттегі инновациялық кластерді дамытудың артықшылықтары, когнитивті қалалық экожүйелерді дамыту, Финляндия, Қытай, АҚШ және басқа елдердің мысалдары, ғылыми басқару әдістері ретінде қолданылатын инновациялық жүйелер мен технологиялық парктер сияқты тақырыптарға тоқталды.